oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-1/5
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-1/5

Бауыржан Момышұлы - ұлт қаһарманы

Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлы –тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі.

Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат.

Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойларын жас ұрпаққа үлгі ету, адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесін таныту мақсатында тәрбие жоспарына сәйкес 5-6 сыныптарда танымдық сағат өтті. Онлайн шарада мектеп кітапханашысы З.Азербаева батырдың өмірбаяны, жазушылығы, шығармашылығы туралы таныстырылым жасады. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

{gallery}-1/5{/gallery}