Білім кілті - кітапхана
6 қаңтар күні «Көктем» қазақ орта мектебінің 5 сынып оқушылары аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне барып, кітапхана тынысымен танысты. Алдымен аудандық кітапхананың кітапханашысы А.Зекенова оқушыларды кітапхананың ішімен және де кітапханадағы тәртіппен таныстырды. Кейін оқу залындағы «Тәуелсіз Қазақстан жаңа ғасыр белесінде», «Ел мен жер және тұлғалар тарихы», «Туған жерім аңыз тұнған киелі өлкем», «Ұлы даланың ұлы ойшылдары» атты тұрақты кітап көрмелерімен таныстырды.Оқушылар бұл бөлімнен соң «Құжаттарды өңдеу және жинақтау» бөлімінің жұмыстарымен танысты. Бөлім жөнінде – бөлім меңгерушісі Фаруза Мұхитқызы оқушыларға жаңа кітаптың қалай өңделіп, кітапхана сөрелеріне қойылатынын түсіндірді. Кейін оқушылар «Бірыңғай қорларды ұйымдастыру және пайлану» бөлімімен танысты. Бөлімнің жұмысымен осы бөлімнің меңгерушісі Зоя Кенжеғалиқызы таныстырып, оқушыларға кітапхана қорындағы ертегілер жазылған электронды кітаппен қалай жұмыс жасау керектігін көрсетті.
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Сондықтан, балалар кітаптарды оқып кітаптармен дос болады деген ойдамыз.
{gallery}-1/8{/gallery}



